ШҚО Риддер қаласында аула аумақтары жабдықталады

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 5 жаңа аялдама мен 2 футбол алаңын орнату, 4 аула аумағын абаттандыру және 5 ойын алаңын орнату жоспарланған. Сондай-ақ, ҚТҚ жинау нүктелерін жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой мәлімдеді.

“Халық қатысатын Бюджет бағдарламасы аясында Тайшыбаев атындағы скверді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар және Тоқтаров көшесіндегі №13-15 үйлердің ауласында балалар ойын алаңын орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Коноваловка ауылында көшелерді жарықтандыру және балалар ойын алаңын орнату бойынша жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және қала көшелерінің асфальтбетон жабындарын, қиыршық тасты жолдарды, тротуарлар мен орамішілік жолдарды ағымдағы жөндеуден өткіземіз. Жол белгілерін жөндеу және орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру жұмыстары жоспарланған”, – деді Дмитрий Горьковой.

Бұдан басқа, Риддер қаласының қолданыстағы Бас жоспарын түзету жалғасады, оны орындауға ағымдағы жылы қалалық бюджет қаражатынан 50 млн теңге бөлінді. Құны 36 млн 660 мың теңге болатын Лесное, Коноваловка, Ульбастрой ауылдарының қала құрылысын дамыту схемасы әзірленетін болады.

“Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Осы мақсатта 75 меморандум жасалды. Биылғы жылы 789,6 тонна көлемінде әлеуметтік ұнға қажеттілік қалыптасты”, – деді әкім.

Бұдан басқа, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Риддер қаласында 2023 жылға бірнеше жоба жоспарланған.

“Біз 20 отбасын қоныс аударамыз, оның 4 – і көшуге және тұрғын үйді жалға алуға субсидия алады, ал 16 – сы экономикалық ұтқырлық сертификатын алады, қысқа мерзімді курстарда 67 адамды оқытамыз, 4 адамның кәсіби біліктілігін тануға ваучер береміз және 700 адамды уақытша жұмыс орындарына орналастырамыз. Бұл мақсаттарға 604 млн 55 мың теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен – 514 млн 225 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 89 млн 830 мың теңге”, – деп түсіндірді спикер.

Брифинг соңында Д. Горьковой ағымдағы жылға арналған жоспарларға 13,4 млрд теңгеге 25 жобаны іске асыру кіретінін атап өтті, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру тобы шеңберінде 800,4 млн теңгеге 9 мәселе.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *