Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Зекет” қайырымдылық қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Берік Қадірұлы Рамазан айында Зайсан ауданының тұрғынына “Ел үлесі патерге” қайырымдылық акциясы аясында пәтер кілті табысталатынын хабарлады.
“2019 жылы ел аумағында “Ел үлесі патерге” қайырымдылық акциясы басталды. Бұл акцияның мақсаты мұқтаж отбасыларға тұрғын үй беру болып табылады. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 626 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алды. 2019 жылдан бастап облыс бойынша өз пәтерлеріне 16 отбасы қоныстанғанын атап өткім келеді”, – деді Берік Қадірұлы.
Сонымен қатар, биылғы жылы пітір-садақтың мөлшері 535 теңге мөлшерінде белгіленді, сома ел бойынша 2 кг ұн үшін орташа баға негізінде есептелді.
“Барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17-18 сәуірге түседі, ал 21 сәуірде Ораза айт басталады. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Ислам және ізгі қоғам”жылы деп жариялады. Осыған байланысты ағымдағы жылы көптеген қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. ҚМДБ төралқасының отырысында Рамазан жоспары бекітілді”, – деді ШҚО бойынша ҚМДБ бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы.