Шығыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілерді мерекелік дастархан жайылды

Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарында бүгін қар аралас жауын жаууда, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, өңір тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысуда. Наурыз қарсаңында елімізде өтіп жатқан сайлау дауыс берушілерге таң атысымен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. ШҚО бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі ашылды, оның ішінде 501 учаске азаматтарды тіркеу орны бойынша қабылдайды. Сайлаушылардың жылдам әрі жайлы дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған, сонымен қатар учаскелерде адамдарды ыстық шай мен бауырсақпен қарсы алуда. Ұйымдастырушылар Наурыз мерекесі қарсаңында мерекелік атмосфера қалыптастыру үшін барлығын жасады. Ұсынылған дастарханнан бас тартушылар болмады. Жексенбілік күн болғандықтан сайлаушылар асықпай дәм татып, өзара әңгіме-дүкен құрысты.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша барлығы 499 085 сайлаушы тіркелген.

Жалпы, ШҚО-да қазіргі уақытта дауыс беру өте белсенді өтуде, алайда кезек жоқ, жергілікті жерлерде жұмыс жақсы ұйымдастырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *