Ұлттық Ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы ШҚО- да алғашқыларының бірі болып дауыс берді

Өскеменде таңертеңнен бастап ҚР Ұлттық ұланының “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің жеке құрамының қызметшілері алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, тәртіп, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің үлгісін көрсетті.

Бөлімнің ерекшелігі-қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Көбісі өмірінде алғаш рет саяси науқанға қатысты.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, онда мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер де, сержанттар да өз таңдауын жасай алады”, – дейді “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *