Сайлау күні ШҚО-да 17 бала дүниеге келді

Ел үшін айтулы күн, 19 наурыз, Шығыс Қазақстанның 17 жас ананың есінде мәңгі қалары сөзсіз. Өйткені, бұл күні көптен күткен сәбилері дүниеге келді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні Шығыс Қазақстан облысында 17 сәби дүниеге келді. Оның 8-і ұлдар, 9-ы қыздар.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлық санаттағы азаматтардың дауыс беруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен, еліміз үшін маңызды күні перзентханаларда болған жас және болашақ аналар үшін сайлау учаскелері ауруханалардың қабырғаларында жұмыс істейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *