ШҚО бойынша сағат 20.00-ге дейін сайлауға келушілер 64,15%-ды құрады

Шығыс Қазақстанның сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, өңір учаскелерінде дауыс беру процесін бақылау халықтың саналылығын және азаматтық белсенділігінің жоғары деңгейін көрсетті, сондай-ақ жауапты органдардың жұмысына оң баға беруге мүмкіндік берді.
2023 жылдың 19 наурызы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, тізімге енгізілген ел азаматтарының жалпы санының 54,09% – ы бюллетеньдер алды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл көрсеткіш 64,15% құрады, деп хабарлайды ҚР ОСК сайты.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, таңертеңнен бастап учаскелерде кезектер болды. Шығыс қазақстандықтар сайлау процесіне белсенді және жауапкершілікпен қарады.
Бақылаушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне келген Шығыс Қазақстан тұрғындарының қарасы көп болғанын атап өтті.
Күннің бірінші жартысында жастар өкілдері, еңбек ұжымдары белсенді дауыс берді. Түстен кейін адамдар отбасыларымен, әулеттермен қарт ата-аналарымен және балаларымен, кей жерлерде тіпті көше-көше болып бірге учаскелерге келді.
Осылайша, ШҚО-да барлығы 533 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның ішінде 501 азаматтарды тіркеу орны бойынша қабылдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *