Шығыс Қазақстан облысында 3800-ден астам түлек мектеп бітіреді

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина мен ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева Шығыс Қазақстан облысы бойынша 96383 бала мектеп қабырғасында білім алып жатқанын, биыл 3810 оқушы түлек атанбақ екенін айтып өтті.

Мектептердегі 9 және 11 сыныптарға арналған мемлекеттік емтихандар 2-19 маусым аралығында Білім Министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес дәстүрлі форматта өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленуде. «Алтын белгіге» үміткерлер құжаттарының талаптарға сәйкестігі арнайы комиссиямен тексерілді. Денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша емтихандардан босатылған оқушылардың тізіміде дайындалуда.
Облыста 8800-ге жуық 9-сынып түлектері болса, оның 789-ы ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер. Ал, 11-сыныпты 3810 түлек аяқтамақ, оның ішінде, 281 оқушы «Алтын белгіге», 378 «Үздік аттестатқа» үміткер, – деді ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева. Сонымен қатар өңірде мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 203 балабақша мен 190 шағын орталық жұмыс істеуде. Жазғы кезеңде кезекші топтардың жұмысы ұйымдастырылатын болады. Оның ішінде маусым айында 169 балабақшада 17829 балаға 677 топ, шілдеде 122 балабақшада 12944 балаға 477 топ, тамызда 114 балабақшада 12321 балаға 466 топ жұмыс істемек.

«Жазғы демалыспен және сауықтырумен 92 434, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100% қамту жоспарлануда. Облыста ағымдағы жылы 418 лагерь жұмыс істемек. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне қабылдау 2023 жылдың 24 сәуірінен басталды»,- деп атап өтті Динара Шаухина.
Шығыс Қазақстан облысында 1 сәуірден бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін тіркеу басталды. 1 тамызға дейін жалғаспақ.
3 мектепті күрделі жөндеу және 23 ұйымды ағымдағы жөндеу жоспарланған. Осы мақсаттарға 1,1 млрд. теңге қарастырылған. Конкурстық рәсімдер аяқталды. Жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін демалыс уақытында жүргізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41 колледж жұмыс істейді, онда 17727 студент оқиды. Ағымдағы жылы 101 мамандық бойынша 4455 адам түлек атанбақ»,- деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.
Сонымен қатар Білім басқармасы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау және іске асыру бойынша арнайы жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы оқу жылында оқушылар 51 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 гран-при, 13 алтын, 36 күміс және 31 қола. Облыс құрамасы 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында I жалпыкомандалық орынға ие болды. «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша жалпы командалық екінші орынға ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *