Даниал Ахметов: «Риддердегі ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі»

Бүгін кешке ЖЭО жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен және жалпы жылу энергетикасымен айналысатын компаниялардың басшылары облыс әкіміне жылу көзінің жай-күйін жедел талдау нәтижелерін ұсынады. Осыдан кейін әрі қарайғы әрекеттердің алгоритмі жасалады.

Өңір басшысы атап өткендей, Риддердегі ЖЭО жөндеуге кешенді тәсіл қолданылады – бұл дегеніміз барлық алты қазандық агрегаттар мен жылу орталықтары күрделі жөндеуден өтпек. Ауқымды жұмыстарға қаржы қарастырылған, жабдықтың бір бөлігі сатып алынған.

– Риддердегі ЖЭО кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады, – деді Даниал Ахметов. – Тиісті талап арыздар берілді және Ел Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде, бәлкім, қарыздарға байланысты ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі.

Өңір басшысы жылу орталығындағы барлық жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталатынын атап өтті. ###

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *