Көктемгі уылдырық шашу мезгілінде балық аулау ережесін бұзған 98 құқық бұзушы анықталды

Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының м.а Талғат Рахымжановтың қатысуымен брифинг өтті. Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы сәйкес ШҚО бойынша – 9774 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған. Өңір бойынша бағдарламаға сәйкес тауарлы балық өсіру жұмыс жасап тұрған 10 шаруашылық пен 7 жаңа тор қоршамада және 13 көлдік тауарлы балық өсіру шаруашылығымен жету көзделген. 2023 жылы облыс бойынша тауарлы балық өсіру 2846 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. « Шығыс Қазақстан облысында 4 жоба іске асырылу үстінде. «Гранд Фиш» ЖШС – Өскемен су қоймасының Таловский балық қорын алу үшін инкубациялық цех салынды. Жалпы сомасы 186 млн. теңге инвестицияланған. «Эко-Фиш-А» ЖШС (әлеуетті инвестор) – Жобаның бастамашысы Өскемен су алабы жанынан жер телімін және ғимаратты алды. Бүгінгі таңда бассейндер, тазарту құрылыстары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы инвестиция көлемі 925 миллион теңгені құрайды. «Alma allianse» ЖШС Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында форель балық түрлерін өсіруге арналған торлы ферма құру. Су қоймасына мониторинг жүргізіліп, тор желілерінің орны анықталғаннан кейін инвестициялық жұмыстар басталады. «Алтай Форель» ЖШС 2022 жылғы 11 наурызда 16.2 учаскеге аукцион өткізілді, 04.04.2022 ж. N 77 қаулы, шартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта жер телімдерін бөлу рәсімі жүргізілуде. «Гранд Фиш» ЖШС-де салмағы 5375 кг форель шабақтары бар және 4 тор және 4 пантон дайындалды, 2 контейнер, 2 бірлік сатып алынды»,- дейді Талғат Рахымжанов. Сонымен қатар қазір облыс бойынша балықтардың уылдырық шашу маусымы басталғандықтан, оларды аулауға қатаң тыйым салынуда. Басты мақсат су жәндіктерінің табиғи өсімін молайту. Сондықтан, сала мамандары 2023 жылға 16 сәуірінен бүгінгі күнге дейін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының» инспекторлық құрамымен Инспекцияның бақылау аумағында балықтардың көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғау заңдылығының бұзылуын анықтауда және алдын алуда іс-шаралар жүргізуде. Рейд барысында балық аулау ережесін бұзған 98 құқық бұзушыға 98 дана әкімшілік хаттама толтырылды және Сот орнына 17 хаттама 17 адамға жолданды, құқық бұзушылардан 7 бірлік қайықтар, 49 дана аулау құралдары мен 707,416 кг балық тәркіленді. Балық шаруашылығы комитетінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығын орындау мақсатында облыста 1-31 мамыр аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты, балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын,су айдындарын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан, тұрмыстық қалдықтардан тазартып, балықтардың және басқа да су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету деп атап өтті брифинг барысында Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының м.а. «Бүгінгі күнге дейін акцияға 352 адам қатысып 43,7 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналды. Шараға 72 автокөлік, 10 техника, 26 жүзү құралары пайдаланылды. Сонымен қатар, су айдындарының түбіне тығып тастаған 350 дана (35000метр) құрма аулар шығарылды. Акцияға инспекция мамандары, табиғат пайдаланушылар, қорықшылар, қоғамдық бірлестік өкілдері, жергілікті атқарушы орган мамандары және тұрғындар тартылды»,-деді Талғат Рахымжанов. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Таза су айдындары” табиғат қорғау акциясы ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасатын болады.Жалпы, осы кезеңінде уылдырық шашатын айдындарда моторлы қайықтармен және басқа да жүру құралдарымен жүруге тыйым салынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *