Министр Бағдат Мусин ШҚО тұрғындарымен кездесу өткізді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында облыс халқымен кездесуі өтті. Министр мырза бүгінгі таңдағы цифрлық технологияның кеңінен пайдалнып, игілігін көру керектігін атап өтті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы eGov мобильді қосымшасында қолжетімді екенін жеткізді.

«Ай сайын 2,5 миллион адам eGov мобильді қосымшасын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Күн сайын қосымшаға 200 мың қолданушы кіреді. Көрсеткіш күн санап өсіп келеді. Мәселен eGov арқылы бір жылдың ішінде 43 миллион, ал eGov мобильді қосымшасын 18 миллион адам пайдаланған.Сондай- ақ ол QR қолтаңбасы жүзеге асырылуда. Бүгінде әрбір адамның телефонына eGov mobile қосымшасы жүктелген, QR сканері арқылы кез келген құжатқа қол қоюға болады», – деді Министр.

Сондай-ақ министрмен кездесуге келген өңір тұрғындары ұялы байланыстың, интернеттің жоқтығы туралы, жасанды интеллект, Шығыс Қазақстан облысына қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс мәселері жайлы сұрақтарын қойып өтті. Сонымен қатар ZOOM платформасы арқылы облысқа қарасты аудан, ауылдардың тұрғындары да өз сауалдарын қоя алды. Мәселен Катонқарағай ауданы, Берел ауылының тұрғыны базалық станция орнатылсада, ғаламтордың жоқтығы туралы Бағдат Мусинге жеткізді. Теле 2 ұялы байланыс операторының өкілі 2 ай ішінде интернет болатынын мәлімдеді. “ШҚО-ғы 363 елді мекеннің ішінде 197 де мобильді интернет жоқ. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының ұсынысымен арнайы жол картасын құрдық. Онда елді мекенге тиісті антеналар орнатып, мобильді интернет мәселесін 2025 жылға дейін шешпекпіз”,-деді Бағдат Мусин. 2022 жылы еліміз бойынша 3500 базалық станция орнатылыпты. Бірақ тұрғындар тарапынан үйдің айналасындағы базалық станцияны шығарып тастау туралы өтініштерде келіп түсіп жатқанын министр айтып өтті.” Бізде біраз адамдарда радиофобия қалыптасқан. Үйдің қасынан базалық станцияны шығарып тастау туралы өтініштер келіп түсуде. Радиофобия деген мәселе бар. Қорықпау керек. Үйдің шатырында тұрған базалық станция пәтердегі адамға еш әсер етпейді. Зияны жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай. Бұл технология барлық елде қолданылады”,-деді Бағдат Мусин. Сонымен қатар министр Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында “Smart engineering” құзыреттілік орталығының жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *