ШҚО-да өткен жылы бюджетке 67,6 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар түсімі өндірілді

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру нәтижелері бойынша 2023 жылы бюджетке 67,6 млрд. теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар түсімі қамтамасыз етілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 17,9 млрд. теңгеге артық. Өсу қарқыны 136% құрады, орташа республикалық өсу қарқыны 118%. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан аталмыш департаменттің тарифтік реттеу басқармасының басшысы Руслан Нұрлыбеков осылай деді.
– Облыстың сыртқы сауда айналымы 2023 жылы 3 128 млн. АҚШ долл. құрады, оның ішінде экспорт бойынша 2 118,5 млн. АҚШ долл., импорт бойынша 1 009,6 млн. АҚШ. Аталмыш көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда сауда айналымы 66,1 млн. АҚШ долл. төменделді, экспорт 248 млн. АҚШ долл. төменделді, импорт 181,6 млн. АҚШ немесе 22% өсті. Бұл ретте, импорттың ұлғаюы ҚХР-дан тауарларды және Оңтүстік Америка елдерінен түсті металл концентраттарын әкелу көлемінің өсуімен байланысты, – деді Руслан Нұрлыбеков.
Департаменттің тарифтік реттеу басқармасының басшысы Руслан Нұрлыбеков ағымдағы жылдың 1 тоқсанында бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар түсімінің өсу қарқынының төмендеуі байқалғанын атап өтті.
– Бюджетке 16,6 млрд. теңге түсім қамтамасыз етілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңінен 4,4 млрд. теңгеге кем (2023 жылдың 1 тоқсанында 21 млрд. теңге түсті). Төмендеу өңірдің сыртқы экономикалық қызметіне ірі қатысушылардың бірі – «Қазцинк» ЖШС-нің үшінші елдерден тауарлар импортының қысқаруына байланысты. Солай, облыс импортының көлемі 194,6 млн. АҚШ долл. төмендеді, экспорт – 38 млн. АҚШ долл. (2024 жылғы 1 тоқсандағы сыртқы сауда айналымы 603,7 млн. АҚШ долл., оның ішінде импорт 177,7 млн. АҚШ долл., экспорт 426 млн. АҚШ), – деді Руслан Нұрлыбеков.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *