Зайсан ауданында тұрғындардың 98 пайызы таза ауыз сумен қамтылған

Зайсан ауданының тұрғындары 2024 жылға дейін 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Зайсан ауданының әкімі Дулат Қажанов айтты.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
– Зайсан ауданы бойынша қазір халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көлемі 98 пайызды құрап отыр. Биыл бір аулдағы су мәселесін шешсек 99 пайызға шығамыз. Яғни, 2024 жылы 100 пайыз халық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлап отырмыз, – дейді Дулат Зайсанбекұлы.
Сондай-ақ, аудан әкімі биыл Қайнар ауылында орталықтандырылған су құбыры желісінің құрылысы басталатынын атап өтті. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *