Азаматтық қоғамды қалыптастыруға бірге ұмтылайық!

Қыркүйек айының 4-6 күндері  Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мақсатында, “ҮЕҰ  жарғылық қызметін тіркеу, жаңарту және кеңейту”, “ҮЕҰ көшбасшыларының әлеуетін арттыру”, “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҚР ҮЕҰ туралы мәліметтер базасы” тақырыптарында семинар-тренингтер кешені өтті. Семинар-тренингтерге қатысуға өтініш білдірген адам саны 100 адамнан асты. Алайда карантиндік шектеу ережелерге сай жалпы саны 76 қатысушы қамтылды.

Азаматтық қоғамды қалыптастыруға бірге ұмтылайық!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Bugin Association» ҚБ ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстан облысында «бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылған семинар қатысушылары тренерлер мен ұйымдастырушыларға үлкен ризашылығын білдірді.

Азаматтық қоғамды қалыптастыруға бірге ұмтылайық!

Мәліметтер базасындағы жалпы ақпаратқа сәйкес қазіргі таңда Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 200-ден астам ҮЕҰ тіркелген. Олардың әлеуетін арттыру, мүшелерінің кәсіби дағдыларын дамыту «Bugin Association» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаттарының бірі. Бұл семинар нәтижесінде облыс халқына қатысты түрлі пайдалы әлеуметтік жобалар саны артып, айтарлықтай оң өзгеріс әкелетініне сеніміміз мол.

#qogamgov #cisc2020

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *