ШҚО-да 36 медициналық мекеме салынады

ШҚО-ның ауылдық елді мекендерінде сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсарту көзделген.

Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін екі жыл ішінде 36 медициналық мекеменің құрылысы жоспарланып отыр.
Айта кетсек, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілген болатын. Жоба үш негізгі бағытты қамтиды:

1) фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу есебінен медициналық инфрақұрылымды дамыту;

2) заманауи жабдықтармен жарақтандырылған заманауи көп бейінді ауданаралық ауруханалар желісін ұйымдастыру;

3) ауылдық денсаулық сақтау мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін алғашқы шұғыл және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.

Осы ретте ШҚО-ның ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023-2024 жылдары 36 медициналық мекеме пайда болады. Оның ішінде халық санына байланысты 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге 27 медициналық пункт салынады.

Биыл республикалық бюджеттен қаржыландырылған 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарда бар:

– Тарбағатай ауданында – 6 медициналық пункт (Ақмектеп, Ахметбұлақ, Қазақстан, Шолақорда, Жаңаталап, Шорга ауылдарында);

– Күршім ауданында – 5 медициналық пункт (Ақжайлау, Аманат, Жолнысау, Маралды, Ұрынхай ауылдарында);

– Ұлан ауданында – 5 медициналық пункт (Отрадное, Макеевка, Желдіөзек, Казачье, Сарыөзек);

– Глубокое ауданында – 2 дәрігерлік амбулатория (Верх-Березовка, Прапорщиково) және 1 медициналық пункт (226 шақырым жол айрығы);

– Шемонаиха ауданында – 1 медициналық пункт (Межовка ауылы).

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық 36 нысанның құрылысы осы жылы басталып қояды екен.

Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерде шұғыл босану, ал дәрігерлік амбулаторияларда бұдан басқа физиотерапиялық емдеу және педиатрия жүргізіледі.

Барлық медициналық нысандар заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталмақ, бұл ауылдық елді мекендерінде сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *