ШҚО-да АШТӨ үшін 1 литр дизель отынының бағасы 250 теңгеден аспайды

Мемлекет Басшысының 2024-2028 жылдары жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2 есе арттыру туралы тапсырмасын орындау бойынша жол картасын (бұдан әрі – Жол картасы) іске асыру мақсатында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 645,1 мың га құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 6,7 мың га артық. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Қаджыбекова Ажар мәлім етті. – Жол картасына сәйкес облыс аумағында 2024 жылы дәнді дақылдар өндірісін 4,2 мың гектар алқапқа қысқарту көзделген, майлы дақылдар егістігін 6,8 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 3,2 мың гектарға арттыру көзделген, – деді басқарма басшысының м.а. Брифинг барысында Ажар Қаджыбекова облыс шаруашылықтарында көктемгі егіс жұмыстарының басталуына толық дайындалатын тракторлардың, егіс және топырақ өңдеу техникаларының қажетті саны 96 пайызды құрайтынын атап өтті. – 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыстың АШТӨ-леріне «Павлодар МХЗ» ЖШС-дан 14 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді (2023 жылы – 20 мың тонна). Бұл көлем наурыз айынан бастап маусым бойынша бөлінді. АШТӨ үшін 1 литр дизель отынының бағасы 250 теңгеден аспайды, – деді Ажар Қаджыбекова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *