ШҚО-да соттан тыс банкроттық бойынша 397 өтініш түсті

Өткен жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес заң аясында үш түрлі рәсім қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова кеңінен түсіндіріп берді.
– ҚР азаматтары 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша сот банкроттығына жүгіне алады. Басты мақсат – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады. Сот банкроттығы кезінде жалғыз баспана кепіл зат болып табылмаса бұл жалғыз баспанаға кредиторлар талап қоя алмайтын болады, егерде ол кепіл зат болып табылса ол мүлік сот банкроттығы кезінде сатылып соның есебінен борышкердің берешектері төленетін болады, – деді Сайран Уалибекова.
Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан бері соттан тыс тарату рәсіміне 397 өтініш түсіп, 101-і қабылданып, 255 өтініш бойынша бас тартылды, 39 әлі қаралуда, қызмет беруші 2 өтініш бойынша рәсімді тоқтатты.
Сот рәсімін қолдануға сотқа 9 өтініш түсіп, 2 өтініш қараусыз қалдырылып, 7 өтініш бойынша өтініш қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *