ШҚО-да «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1326 жұмыс орны ашылады

Сондай-ақ аталмыш бағдарлама аясында 1250 кредит беру жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанава мәлім етті. – жастарға 2,5 пайызбен кредит беру бойынша 228 кредит беру қарастырылуда, қаржыландыру жоспарына сәйкес кредиттер беру ағымдағы жылдың мамыр айында басталмақ, – деді Динара Қожанова. Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары Шығыс Қазақстанның жұмыспен қамту органдары ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Парламенті бекіткен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. – Әлеуметтік кодексте жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары көзделген, олар бос жұмыс орындарына тікелей жұмысқа орналасуды, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды, бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беруді, кредиттеудің жеңілдікті ставкасы бойынша жастарға кредиттер беруді және бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын жеке бизнестің ірі және шағын кәсіпорындарындағы меншіктерінде құруды қамтиды, – деді Динара Қожанова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *