ШҚО-да жаз мезгілінде 420 лагерь жұмыс істейді

ШҚО-да жаз мезгілінде 420 лагерь жұмыс істейді Өңірдегі мектеп оқушыларының Алматыдағы «Бөбек» және «Балдәурен» ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында (Щучье мен Қонаев қалалары) жыл бойы тегін демалуға мүмкіндіктері бар. Жыл басынан бері орталықтарда 156 бала тегін демалып үлгерсе, желтоқсанға дейін тағы 277 оқушы жолдама алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышёва мәлім етті. – Биылғы жылы жазғы лагерьлер желісі 420 бірлікті құрайды, оның ішінде 15 қала шетіндегі, оның 11 мемлекеттік, 4 жекеменшік болып табылады. Сонымен қатар 270 мектеп жанындағы лагерь мен 135 бейіндік алаң бар, – деді Иннеса Чернышёва. Балалардың бос уақытын және демалысын ұйымдастыруға облыстағы 819 тәрбиеші мен тәлімгер, 670 қосымша білім беру педагогтары мен 250 медицина қызметкері, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған педагогикалық ұжымдар жұмылдырылады. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді. – Жазғы каникул кезінде облыстың қала шетіндегі балалар лагерінде 8100 облыс оқушысы демалса, мектеп жанындағы лагерьлерде 18672 облыс оқушысы демалады.Жазғы демалыс кезінде 36 қосымша білім беру ұйымында 37 900 балаға күндізгі лагерьлер, пікірсайыс алаңдары, шығармашылық студиялар, спорт секци

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *