ШҚО-да «Агрофирма «Приречное» ЖШС-не қарыз берілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша 100,3% (ҚР-100,3%), бір апта ішінде (23-30 сәуір аралығында) – 99,8% құрады, бұл ҚР-дан 0,2% – ға төмен (ҚР-100%). Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ольга Григорьева мәлім етті.
– ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін «Ертіс» ӘКК АҚ (бұдан әрі-ӘКК) «айналым схемасы» шеңберінде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін «Агрофирма «Приречное» ЖШС-не қарыз берілді. Азық-түлік тобына (қант, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, тұз) және 1 санаттағы тауық жұмыртқасына бағаны тұрақтандыру үшін «Алтай» КТО қарыз берілді, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Төмендетілген бағамен сату «Ертіс» ӘКК сауда павильондарының желісі және облыс орталығының дүкендері арқылы жүзеге асырылады. Брифингке қатысқан Ольга Григорьева осылай деді.
– Өнім төмендетілген бағамен сатылатын сауда объектілерінің мекенжайлары туралы, сондай-ақ жұмыс режимі туралы ақпарат spkertis.kz ӘКК сайтында орналастырылған, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *