ШҚО бойынша архивтер 25338 істі (1871638 парақ) цифрлық форматқа ауыстырды

Аталмыш көрсеткіш архивтерде сақталған құжаттар санының 1,64% құрайды. Барлығы 46051 сақтау бірлігі (2,98%) цифрлық форматқа ауыстырылды. (2022 жылы барлығы 9598 бірлік цифрландырылды.) Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шаянбаева Жайнар мәлім етті.
– Биыл Шығыс Қазақстан облысы үшін “Цифрландырылған құжаттардың үлесі” (KPI) көрсеткіші 14% -. құрайды (өсу қорытындысымен), жылдық көрсеткіш 6% -. құрауы тиіс. Сондай-ақ, облыстың мемлекеттік архивтерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *