ШҚО-да «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 36 медициналық нысан салу жоспарланып отыр

Тарбағатай – 9, Зайсан – 3, Глубокое – 6, Катон-Қарағай – 2, Ұлан – 6, Шемонаиха – 2, Күршім – 5 және Алтай ауданында – 3 медициналалық нысан бой көтереді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев мәлім етті.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша 17 медициналық пункт (Ұлан (5), Күршім (5), Тарбағатай (6), Шемонаиха (1) аудандарында) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бүгінгі күні Глубокое ауданы Прапорщиково ауылында дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы аяқталды, объектіні пайдалануға беру ағымдағы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған, – деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта ағымдағы жылға жоспарланған
18 нысанның (Тарбағатай – 3, Зайсан – 3, Глубокое – 5, Катон-Қарағай – 2, Ұлан – 1, Шемонаиха – 1, және Алтай ауданында – 3) құрылысын және олардың инженерлік инфрақұрылымын бастауға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған, сондай-ақ, мердігер ұйымдар анықталған. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.
– Қазіргі уақытта 13 нысан бойынша құрылысқа рұқсат алу бойынша рәсімдер жүргізілуде. Алдағы уақытта 18 нысанның құрылысын толықтай аяқтау және оларды пайдалануға беру ағымдағы жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр, – деді Дидар Кеңесбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *