ШҚО-да елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты азық-түлікті аптасына бір рет тегін жеткізеді

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 19 түрі, гигиена құралдарының 10 түрі кіретін 4 жинақ жасалды. Жеткізу аптасына 1 рет тегін болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлім етті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Өскемен мен Семей қалаларында «Дүкен.кз» жүйесі жұмыс істейді. Тұрғындар осы қызметке жүгініп, азық-түлік өнімдеріне тапсырыс бере алады. Бүгінде аталмыш қалаларда қанатқақты жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Брифингке қатысқан басқарма басшысы осылай деді.

– Өскеменде 70 жастан асқан егде адамдар мен І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер үйге дейін жеткізіледі. Олардың жалпы саны 36 мың адамды құрайды, – деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда болатынын атап өтті. Оны жауапты сала мамандары қадағалайтын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *