Семей қаласының әкімі Суық бұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Мұнда тұрғындар өркениеттің қарапайым игіліктерінің жоқтығына шағымданған. Көбінесе тұрғындары су ақпайтын құдыққа, қоқыс төгетін орындардың тапшылығына, балалар ойнайтын алаңдардың жоқтығына, көшелерде ешқандай шамдардың орнатылмағанына өз шағымдарын түсіріп, наразылықтарын білдіруде.

Өткен аптада қала басшысы Ермак Сәлімов кент тұрғындарымен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, жақын арада нақты ұсыныстар енгізу үшін тағы да кездесуге уәде берген. Бүгін әкім кентке қайта келіп, тұрғындардың бастамашыл тобымен кездесті, олар уәде етілген жұмыстардың қалай орындалып жатқандығы туралы айтып берді.

– Біз сенбілікке шығып, қоқысты қаптарға жинадық, бірақ оны шығаратын техника аз болды және қалған қоқыстар ұшып кетіп жатыр. Бізде сондай-ақ қоқыс жәшіктерін алып тастады, олардың орнына қоқыс контейнерлерін орнатуға уәде берген, бірақ олар әлі жоқ. Су құбырын жөндеп берді, бірақ бізге енді суды өткізбей, бұл мәселені осылай жауып тастайма деп қорқамыз, – дейді кенті тұрғындарының бірі Күлпаш Өмірзақова.

Жергілікті тұрғындарды тыңдап, қала басшысы оларға кентті сумен жабдықтау міндетті түрде пайда болады деп уәде берді. Жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтіп, жақын арада жобаны іске асыру басталады. Қоқысқа келетін болсақ, кентте сенбілік қорытындысы бойынша рейдтер жүргізіледі. Ал учаскелік полиция қызметкерлеріне заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді аралап, тәртіп бұзушыларды қадағалауды ұсынды.

Кент тұрғындары көшелерге жарық орнатуды және жолдарды жөндеуді сұрады. Қала басшысы бұл мәселелер жақын арада шешіледі деп уәде етті.

– Жолдарды жөндейміз. Әрине, барлық көшелерді жөндеу мүмкін емес, сондықтан біз ретке келтіретін орталық көшелерді анықтау керекпіз. Жарықтандыру мәселесін де шешеміз, – деп уәде берді Ермак Сәлімов.

Сонымен бірге, мұнда балаларға жаңа ойын алаңын жасау уәде етілді. Оны жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша мектеп жанына орнататын болады. Әкім уәде еткендей, енді ауыл тұрғындарының бастамашыл тобымен осындай кездесулер үнемі өткізіліп тұратын болады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *