Биыл Семейде 325 млн теңгеге алты мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі

Сондай-ақ, қаланың 33 мектебінде 336 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қалалық мектептердің материалдық-техникалық базасы туралы АКҚ- өткен баспасөз конференциясында Семей қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гүлнұр Теребаева мәлім етті.

–2021 жылы білім беру саласын дамытуға 30 млрд теңге қарастырылды. Материалдық базаның нығаюы сапалы білімге тікелей әсер ететіндіктен, қаланың 24 мектебіне жиһаз сатып алуға 563 млн теңге бөлінді. Жан басына қаржыландыру енгізілгеннен кейін мектептер кабинеттерді белсенді түрде жаңарта бастады. Осылайша, 295 млн теңгеге 50 кабинет жаңарды. Оның ішінде 16 жаңа модификация кабинеті, 13 еңбек кабинеті, 4 математика кабинеті, 4 география кабинеті және 12 басқа пәндер кабинеті бар. Сондай-ақ, STEM кабинеттерінің болуына баса назар аударылады. Осылайша, STEM кабинеті мен тиісті жабдықты №7 және №17 мектептер сатып алды. Осы сияқты кабинеттер қаланың тағы 13 мектебінде ашылады.

Барлық қалалық мектептерде турникеттер мен дабыл тетіктері орнатылған. Қаланың 42 мектебі арнайы күзет келісім-шартын жасасып, 40 мектеп ішкі дауыстық хабарландыру жүйесі мен құралдарын орнатты. Сондай-ақ, 2020 жылы 59 мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен 97 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 52 мектеп жедел басқару орталығының ақпараттық қосалқы жүйелеріне қосылған.

Мәселер  тек ауылдық мектептерде өзекті болып отыр. Мұны  шешу үшін білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *