2025 жылға қарай ШҚО-да балабақшаларда кезек болмайды

Шығыс Қазақстанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 97,8% құрайды. Өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті жою мақсатында арнайы жоспар әзірленіп, оған сәйкес 2025 жылға дейін қосымша 2875 жаңа орын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 2-3 жастағы 1675 бала тұр. Ал аймақтың екі ауданы Катонқарағай және Самарда орын жеткілікті.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, баланың қалыптасуына ерекше әсер етеді. Сондықтан 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтуды арттыру мақсатында 2022 жылы облыста 1080 жаңа орын ашылды», – деді ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева. Мәселен, облыста 394 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 192 шағын орталық, 202 балабақша, оның ішінде 86 жекеменшік. Мектепке дейінгі біліммен 36,5 мыңға жуық бала қамтылған, оның ішінде 6 мыңнан астамы мектепалды сыныптарда оқиды.

Жаңа орындарды Өскемен қаласында 1280 орындық МЖӘ тетігі бойынша 5 балабақша салу, 880 орындық 5 балабақша ғимаратын нысаналы мақсатқа қайтару (оның ішінде Өскемен қаласында-4 ғимарат, Зайсан ауданында-1 ғимарат), 415 орынға арналған 4 жеке балабақша ашу арқылы, оның ішінде Өскемен қаласында-2, Зайсан ауданында-1, Ұлан ауданында-1 көзделінген. Сондай – ақ жұмыс істеп тұрған балабақшаларды 300 орынға кеңейту жоспарлануда. Оның ішінде Зайсан ауданында 125 орынға, Риддер қаласында, Алтай ауданында, Глубокое, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарында-25 орынға арттырмақ. Ал ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жоспарланған 2875 жаңа орынның ішінде Өскемен қаласында Челюскин көшесі, 17/1 бойынша 140 орынға балабақша және Протозанов көшесі, 139 бойынша 150 орынға жекемекшік балабақша ашылды.

Мектепке дейінгі білім туралы айта келе, брифинг барысында спикер ата-аналардың жиі қоятын сұрағы балабақшалардың әртүрлі қажеттіліктерге қаражат жинау мәселесі екенін атап өтті. «Мектепке дейінгі мемлекеттік және жеке меншік балалар ұйымдарын қаржыландыру» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына сәйкес оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып жүргізіледі. Қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінде ұйымды ұстауға жұмсалатын барлық шығыстар көзделген», – деп атап өтті И. Чернышева ханым. Осылайша, мемлекеттік ұйымдарда материалдық-техникалық жарақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, сондықтан мұндай балабақшаларда ата-аналардан қаржы сұралмауы тиіс. «Ал жеке ұйымдарда қаржыландыру құрылтайшының қаражаты есебінен жүзеге асырылады және егер шартта ерікті демеушілік көмек туралы тармақ болса, онда осы мақсаттар үшін ата – аналардың қаражатын тартуға болады», – деп нақтылады спикер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *