ШҚО ТЖД мамандары нысандарда тексеру қалай жүргізілетінін түсіндірді

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары ақпараттық орталықта өткен брифингте 2023 жылы тексеруге 619 нысан жоспарланғанын, оның ішінде 560 нысан қамтылғанын атап өтті. Жүргізілген өрт – техникалық тексерулердің нәтижелері бойынша жыл басынан бері 920 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 83 адамға айыппұл түрінде, сот органдарына ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 35 әкімшілік хаттама жіберілді.
Ағымдағы жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 95-VII Заңымен Кәсіпкерлік Кодекске және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына да өзгерістер енгізілді.
Кодекстің 137-бабына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік өрт бақылауы субъектіге (объектіге) бара отырып, профилактикалық бақылау формасында жүзеге асырылады.
Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерді профилактикалық бақылаудың жиілігі мен еселігі – жылына бір реттен жиі емес, ал орташа тәуекел дәрежесі үшін екі жылда бір реттен жиі емес болады.
Кәсіптік бақылау жүргізілетін объектілердің тізімдері тәуекел дәрежесін бағалау негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, атап айтқанда: алдыңғы тексерулердің нәтижелері, субъектінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың (өрттердің) болуы, бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.
ҚР Бас прокуратурасы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады. (www.prokuror.kz).
Егер бұрын берілген нұсқамада көрсетілген өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы толық көлемде жойылмаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалады, одан әрі қарау және қаулы шығару үшін сот органдарына беріледі.
ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің санкциясымен жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген, рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрады белгілі бір қызмет түріне немесе қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру арқылы.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *