Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде Асанәлі Әшімов – Көрнекті театр және кино актері, профессор, Қазақстанның театрлар ассоциациясының президенті және Меруерт Өтекешова – Кино және театр актері, «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкерімен кездесу өтті.

        Кездесу университеттің 85 жылдық мерейтойына арналған «Шәкәрім университеті – ашық алаң» атты іс-шаралар циклінің жалғасы болды. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай «ТЕАТР. ТАЛАНТ. ТАҒЫЛЫМ» деп аталды.

        Еркін сұхбат түрінде өткен кездесуде пленарлық баяндамалар да оқылды: «Қазақ театр және кино өнерінің хас шебері – Әмина Өмірзақова»
Маемиров Асхат Максимұлы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті, PhD доктор

        «Ізгілік формуласы» Бөпежанова Әлия Қахарманқызы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР журналистер академиясының академигі, әдебиет және театр сыншысы.

        «Сахналық бейне жасаудағы Ә.Өмірзақованың актерлік шеберлігі»
Нұрпейіс Бақыт – театртанушы, өнертану докторы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

        «Әмина Өмірзақованың өмір белестері»
Еспенбетов Арап Сләмұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

        «Метафизика: жан мен тән категорияларының үндестігі мен ерекшелігі»
Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы – филология ғылымдарының PhD докторы, ақын.

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, театр және кинематография басқармасының бассарапшысы Гүлнафиз Советханқызы қонақта болды.
         Кеш модераторы болған Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ескендіров Асанәлі Әшімовке Шәкәрім университетінің құрметті докторы атағын табыстады. Сондай-ақ Меруерт Өтекешова Шәкәрім медалімен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *