Семейде шетелдік қонақтар үшін экскурсиялар өтуде

        Туризмді дамыту бөлімі және “Тогас-Интурсервис” туристік компаниясы шетелдік қонақтар үшін қала бойынша екі сағаттық тур өткізді.

Семейде шетелдік қонақтар үшін экскурсиялар өтуде

        Қазақ мәдениеті туралы көбірек танып,тарихын терең ұғынып,ұлттық тағамдардың дәмін тату үшін туристер АҚШ, Мексика, Моңғолия, Үндістан және басқа да елдерден келді. Экскурсия барысында қонақтар жергілікті көрікті жерлермен танысты. Алдымен туристер Семейдің басты көрнекті жері саналатын аспалы көпірге барып,суретке түсті. Келесі кезекте қонақтарға қаланың ең көне құрылыстарының бірі болып табылатын ямвшев қақпасы ескерткішінің тарихы айтылды. Туристік маршрутқа сондай-ақ жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткіш, қаланың орталық алаңы, Ертіс жағалауы, Абай алаңы, Арбат және Бейбітшілік аралы (бұрын Полковничий о.) сияқты маңызды орындар кірді.

Семейде шетелдік қонақтар үшін экскурсиялар өтуде

        Сапар барысында туристер Абай атындағы театрмен, қалалық мұражайлар мен кітапханалармен, бұрынғы ерлер гимназиясымен, зооветеринарлық институты ғимаратымен, Абай, Ғабдолла Тоқай және Әлихан Бөкейхановтың ескерткіштерімен және басқа да жергілікті көрікті жерлермен танысты.

        Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *