Семейде 19 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

        Қала күні қарсаңында көпбалалы 19 отбасы қуанышқа бөленді. Оларға Қарағайлы шағын ауданының пәтер кілттерін облыс әкімі Даниал Ахметов табыс етті.

Семейде 19 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

        – Біз көпбалалы отбасыларға пәтер бөлу бағдарламасын іске асырылып келеміз. Көпбалалы аналар-еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бүгін оларға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстағаныма дән ризамын. Әр отбасы өз үйінің жылуын сезіну қажет. Сіздерге бақыт пен сарқылмас денсаулық тілеймін – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Пәтер кілттеріне ие болған тұрғындар қуаныштарын бөлісуге асықты. Бес баланың анасы Сымбат Нұрғалиева осы сәтті 12 жыл күткен.

Семейде 19 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

– Біз отбасымызбен 12 жыл бойы осы маңызды күнді асыға күттік. Бүгін міне пәтер кілтін алып, төбеміз көкке жетердей қуанып тұрмыз. Отбасымның атынан баршаңызға алғыс айтамын, –деді қуаныш иесі С.Нұрғалиева.

Кездесудің салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін әкім көпбалалы аналардың үйіне кіріп, тағы бір мәрте құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *