Семейде қалалық мәслихат депутаты оқушыларға спортзалға тегін абонементтер сыйлады

Андрей Алтайбаев Семейдегі “GoldKing” спорт клубының директоры  ғана емес, халықаралық дәрежедегі Азия мен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол   Семейде пауэрлифтинг мектебінің негізін қалаушы ретінде де танымал.

Бүгін Андрей Алтайбаев 43 мектептің оқушыларына ерекше сыйлық жасап отыр. Ол қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларға тегін абонементтер сыйлады.

Енді балалар мерзімсіз, балалар аптасына үш рет спортпен айналыса алады.

 

– Мен сіздердің көпшілігіңіздің спортқа бейімделіп, болашақта сіздер үшін олимпиада резерві мектебіне жол ашылатынына сенімдімін, – деді Андрей Викторович. – Біз балаларға көмектескіміз келеді. Сонымен қатар, оқушылар үшін 50% жеңілдіктер де қарастырылған. №38 мектеп оқушылары да “GoldKing” спорт клубының жаттығу залында жаттыға алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *