Семейде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін бірқатара сақтық шаралары қабылданды

Халықтың денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қалада ірі сауда орталықтары жабылып, мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшті. 2 сәуірден бастап Семейде қосымша шектеу енгізілді. Қала периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылды. Қалаға кіру және шығу шектелген. Сонымен қатар дүйсенбіден бастап халықтың қала бойынша қозғалуы тек рұқсат қағазы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Рұқсатнаманың І үлгісі қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлеріне, жұмыс істейтін азаматтарға арналған. ІІ түрі әр отбасына, аптасына 3 рет сауд орталықтарына, дәріханаларға, банктер мен медициналық мекемелерге бару құқығымен берілді. Жеке автокөлікті пайдалану енді дүйсенбіден жұмаға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің соңғы санына сәйкес, күндізгі уақытта жұп және тақ күнтізбелік күндер бойынша мүмкін болады. Ал сағат 21:00-ден 5:00 – ге дейін демалыс және мереке күндері көлікпен жүруге тыйым салынады. Дегенмен, қаланың тұрақты тіршілігі мен азық-түлік кәуіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық мекемелер жұмыс істейді. Олардың қатарына медициналық мекемелер, дезинфекциялық қызметтер, әлеуметтік сала мекемелері, энергия өндіруші және энергия беруші компаниялар, коммуналдық қызметтер, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындар кіреді.

Айта кету керек, енгізілген шаралар Семей келбетін уақытша өзгертті. Бүгінгі таңда қала көшелерінде адамдар айтарлықтай азайған. Қоғамдық көлікте жолаушылар ағыны мен автокөліктердің саны өте аз.

Қала басшылығы семейліктерге қабылданған ережелерге бағынып, туындаған мәселелерін жеке тәртіппен шешуге шақырады.

Семей қаласынын ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *