Қала мектептері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті

6 сәуірде Семей қаласының оқушылары төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко брифингте оқу процесі қалай жүретіні туралы айтып берді.

Қашықтықтан білім беру Интернет арналары бойынша оқытуды қамтиды. Бұған дейін оқушылар үшін онлайн-сабақтар өткізіледі деп жоспарланған болатын, бірақ енді бұл формат қажет емес. Бүгінгі таңда білім берудің негізгі платформасы «Күнделік» порталы мен «Балапан» және «Ел арна» республикалық телеарналары болып табылады.

Бүгінгі таңда қала мектептері қашықтықтан оқыту құралдарымен толық қамтылған. Техникалық байланыс құралдары жоқ отбасылар үшін мектеп резервінен 350 компьютер мен ноутбук бөлінді. Сондай-ақ білім беру бөлімі сатып алған роутерлер де таратылып жатыр.

– Қашықтықтан жұмыс түрі балаларды тәртіпке үйретеді. Үй тапсырмасын жасаған кезде ата-аналарға баланың жанында отыруға қажеті жоқ. Тапсырмаларды порталға жүктеуге ғана көмектесу керек. Ал үй тапсырмасын бала өзі жасау керек. Егер сұрақтар туындаса, мұғалімдерге хабарласуға болады. Сабақ кестесі бекітілген емес. Бала тапсырманы қашан орындайтыны өзі шешеді, – деп түсіндірді Наталия Фесенко.

Сондай-ақ биылғы жылы бітіру және сыныптан сыныпқа көшіру емтихандары облмайды. Оқушылардың білімі жылдық баға бойынша бағаланатын болады. Қалған бөлімдер бойынша емтихандар қашықтықтан өткізіледі.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *