ШҚО-да су тасқыны қаупі жоқ

Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқының алдын алу мақсатында маусым айына дейін тиісті жұмыстар атқарылады. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Әбділов мәлім етті.

– Елді мекендердегі қарды шығару үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Сондай-ақ жауапты сала мамандары табиғи апаттың алдын алу үшін 12 аэровизуалды бақылау жұмыстарын ұйымдастырды, – деді Қанат Әбділов.

Брифинг барысында департамент басшысының міндетін атқарушы көктемгі су тасқынын болдырмас үшін ірі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Бұдан бөлек жағалаулар бекітіліп, өзен арналары да тазартылғанын айта кеткен орынды.

– Шығыс Қазақстан облысында су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ, – деді Қанат Әбділов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *