Семей полицейлері қала тұрғындарынан төтенше жағдай талаптарының сақталуын тексеруде

Семейде енгізілген шектеу шараларына сәйкес, қала бойынша қозғалыс тек рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады. Бұл тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, сонымен қатар автомобиль жүргізушілеріне де қатысты. Алайда шектеулерге қарамастан, қала жолдарында көліктер азайған жоқ. Заң бұзушылықты алдын алу мақсатында Семей полицейлері қала ішінде қатынап жатқан көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің рұқсат құжаттарын, жұмыс куәліктері мен маршрут парақтарын тексерді.

– Азаматтарға төтенше жағдайдың сақталуы туралы түсіндіру мақсатында рейдтік шаралар өтті. Жүргізушілер тексеріліп, құжаттар бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды. Кейбіреулерінде маршруттық парақтар мен жұмыс орнынан анықтамалары болмады. Сондай-ақ такси жүргізушілері де тексерілді. Көпшілігінде төбесінде «шашкасы» мен борттық журнал жоқ. Кейбіреулерінде көлік құралын қарау және жүргізушінің жағдайын растайтын құжаттар жоқ, – дейді Семей қ. жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Бауыржан Садақбаев.

Тәртіп бұзушылар тірек бекеттеріне жеткізіліп, олардан рұқсаттамалар тәркіленді. Ал айыппұл түріндегі қатаң жазалау шараларына тәртіп бұзушылар 18 сәуірден бастап тартылады. Әкімшілік кодекске сәйкес, материалдар сотқа жіберіліп, онда судьяның шешімімен айыппұл сомасы анықталады.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауға және мүмкіндігінше үйде болуға шақырады. Сондай-ақ түнгі уақытта, кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін жолаушылар тасымалдауға және қала бойынша көлікпен жүруге тыйым салынатынын еске салады.

Семей қаласынын ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *