Семейде жол жөндеу жұмыстары басталды

Биыл көшелерді орташа жөндеуге Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру шеңберінде бір миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов мәлімдеді. Орташа жөндеу 15 қала көшелерінде қарастырылған: Би-Боранбай, Строительная, Карменов, Герцен, Рысқұлов, Дулатов, Тоқай, №17 ОДА ауданындағы жол мен жұқпалы аурулар ауруханасына кіретін жол.

– Пржевальский көшесіне де смета дайын, бірақ бұл көше биыл Жұмыспен қамтудың жол картасына енгізілмеген, – деді Нұрлан Серғазинов.

Қарағайлы шағын ауданындағы жолдарды жайластыруға қаржы бөлінді.

– Қарағайлы ықшам ауданындағы кварталішілік жолдарды салуға облыстық бюджеттен 500 мың теңге бөлінді. Бұл қаражат жеткіліксіз, сондықтан қосымша екі миллиардтан астам теңге бөлінеді, – деді Нұрлан Серғазинов.

Сонымен қатар, бөлім басшысының орынбасары мердігерлердің жолдағы ақауларды кепілді міндеттемелер бойынша түзетіп отырғанын айтты. Техникалық қадағалаушылар биыл да жол жұмыстарына бақылау жасайды.

– Тәуелсіз зертхана асфальтобетон қоспасын дайындау сапасын бақылайды, – деп атап өтті Нұрлан Серғазинов.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта Бозтаев көшесіндегі жол төсемін кеңейту жұмыстары басталғанын айтты. Автобустар үшін бөлек жол қарастырылған.

– Біз бөлу жолағын алып тастаймыз. Жолаушылар көлігінің өз бөлінген жолағы болады. Осындай жұмыстар Глинка көшесінде де алда тұр, – деді Нұрлан Серғазинов.

Жалпы биылғы жылы 40 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарлануда.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *