Азаматтардың жеті санаты коммуналдық төлемдерді өтеуге өтініш бере алады

Коммуналдық қызмет үшін 7 санаттағы азаматтар өтемақы алады. Бұл туралы онлайн брифингте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мәлім етті.

Төлемді 1, 2, 3 топ мүгедектері; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы отбасылар; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары; төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер алады.

Алушылардың тізімі жасалды. Жалпы саны 32 мыңнан астам адам бұл көмекті алуға мүдделі. Негізгі шарт – олардың жеке баспанасы мен қызмет көрсетушілермен келісімшарттары болуы шарт. Өтінішті ТКШ бөліміне беру керек, онда call-орталық жұмыс істейді. Төлемдер қаражат түскеннен кейін беріле бастайды.

Айта кетейік, сондай-ақ 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдерді төлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда әлеуметтік жәрдемақы алуға 8104 өтініш келіп түсті. Оның 5307-сіне оң қорытынды берілді. 2797 өтініш берушіге жәрдемақы беруден бас тартылды. Бас тартудың басты себебі құжаттарды тапсыру кезінде қате жіберген, сонымен қатар төлем алуға құқығы жоқ адамдар.

– Азаматтар уақытылы төлем алды,өтініш беру процесі, тіркеу және өтінішті қарау мерзімдері жеңілдетілді. Егер бұрын өтінімді қарау үшін бір апта қажет болса, қазір оған үш күн қажет. Аудару шоттары жоқ азаматтар үшін қиындықтар болды. Әкімдік күн сайын және демалыссыз банктер мен «Қазпошта» филиалдарының жұмысын ұйымдастырды. Олар шоттарды тез ашуға мүмкіндік берді. Жұмыс жалғасуда, – деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мұрат Құржықаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *