Бүгін Семей қаласының медициналық мекемелеріне жеке қорғаныс құралдары мен экспресс-тесттер жеткізілді.

Осы аптада Шығыс Қазақстанға Қытайдан арнайы борт келді. Ол елімізге экспресс-тесттер мен қорғаныс құралдарды жеткізіді.

– Елбасының тапсырмасына сәйкес және ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында біздің облыс қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен ынтымақтастықта қажетті медициналық тауарларды сатып алды, – деді Даниал Ахметов.

Облыс басшылығы қабылдаған шаралар Шығыс Қазақстан тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін алдыңғы қатарда жүрген медициналық қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.

– Семей қаласы мен Семей өңірі үшін қорғаныш костюм, көзілдірік, бетперде, қорғаныш экрандары және қолғап әкелінді. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға күдікті контингентті жедел анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-тестілер жеткізілді, – деп денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Владимир Ли хабарлады.

Жеке қорғаныш құралдары медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау үшін әкелінді. Мамандардың айтуынша, Ухандағы дәрігерлер дәл осындай қорғаныс костюмдерінде жұмыс істеген.

Қорғау құралдарын облыстың инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарлары алады. Қорғаныс костюмдері мен экрандар Семей қаласының медициналық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері бағалай алды.

– Бұл өте ыңғайлы қорғаныс костюмдері. Облыс басшылығына қамқорлығы үшін үлкен рахмет, – дейді медициналық қызметкерлер.

Экспресс-тест қауіпті аурумен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға жасалатын болады. Бұл медициналық қызметкерлер, құқық қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *