Семейде байкерлер мен жол талғамайтын көлік иелері өнімдерді жеткізуге көмектесуде

Семейдің байкерлері “Скутер Семей” клубы мен “Колея” жол талғамайтын көліктер клубының қолдауымен төтенше жағдай кезінде мұқтаж адамдарға көмек ұйымдастырды.

Еріктілер азық-түлік пен сабын мен жуғыш заттарды сатып алып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға таратып жүр.

– Біз сүт, қант, түрлі жарма, картоп сатып алдық. Бәрін мотоциклдер мен автомобильдерге жинаймыз және жеткіземіз. Бізге мұқтаж жандардың тізімі берілді, сол мекен жайларға жеткізіп жүрміз, – деді Семей қаласының байкерлер қауымдастығының өкілі Владимир Себгатуллин. – Кәсіпкерлер де бізге көмектесуде, бірақ олар өздерінің аттарын атамауды сұрады. Біріншіден, олар көмек көрсетеді.

Еріктілер балаларды да ұмытқан жоқ – олар үшін тәттілерді сатып алады. Семейліктер де Kaspi gold шотына қажетті өнімді сатып алуға қаражат жібереді.

Бір күнде еріктілер 60 отбасына көмек көрсетті.

Kaspi gold шоты 5169 4971 4906 3038

Семей қаласынын ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *