ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына келді. Аймақ басшысы Абайдың 175 жылдығына дайындық барысымен танысты.

Абай алаңында ауқымды жөндеу жұмыстары басталды. Алаңның бейнесі толығымен өзгереді. Жоба бойынша бордюрлерді жаңарту, ойшылдың құрметіне арналған ескерткішті жарықтандыру қарастырылған. Спорт және балалар алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақ, субұрқақ салынады. Мердігер «Фирма Азия» ЖШС барлық жұмыстар шілде айына дейін аяқталатынын уәде етеді.

Абай театрында Шығыс Қазақстан облысының әкімі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Оған театр мен көрермен залының сыртқы безендірілуіне арналған жобалар ұсынылды.

Абай мұражайын қайта құру жұмыстары да алда. Жол төсемдерін ауыстыру, көгалдар мен гүлзарлар салу жоспарланған. Сондай-ақ Абайға ескерткіш орнатылады, онда ол ұлдарымен бірге бейнеленеді.

– Біз алғаш рет Абайдың ең жақын адамдары – оның ұлдарының ортасында көрсеткіміз келеді. Олар өздерінің ұлы әкесіне сүйіспеншілікпен және ризашылықпен қарайды. Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Біз әрқашан да Абайды ұлы философ, данышпан ойшыл ретінде көреміз. Ал бұл жерде ол туған адамдардың ортасында. Бұл жерде біз Абайды өз отбасын сүйетін адам ретінде көрсетеміз. Және де оның балалары ретінде – бүкіл қазақ халқы табылып отыр, – дейді Даниал Ахметов.

ШҚО әкімі ойшылдың мерейтойына арналған шараларды лайықты деңгейде өткізу керектігін еске салып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *