Семейде ҰОС ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілді

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялы жобасы шеңберінде «Birgemiz Shygys» қоғамдық қоры арқылы Семей қаласы бойынша 2982 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттері табысталды. Азық-түлік жиынтығынан басқа, соғыс ардагерлері «Nur Otan» партиясынан мерекелік қол сағаттарын және ҚР Президенті мен ШҚО әкімінің құттықтау хаттарын сыйлыққа алды.

– Акция екі күн өткізіледі. Сыйлықтарды жалпы 2982 адам алады: олар ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері және Ұлы Жеңіске қатысқандар. Алушылардың тізімдерін бізге әлеуметтік қорғау органдары берді. Біз мекенжайларға барамыз және сыйлықтарды таратамыз. Жеткізу тек ғана қалада емес, ауылдық округтер бойынша да асырылып жатыр, – дейді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.

Естелік сыйлықтар мен азық-түлік жиынтығын жеткізуді облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары, партияның сайлау органдарының және партиялық кадрлық резервтің мүшелері жүргізеді. Сыйлық жинақтары 9 мамырға дейін адресаттарға жеткізіледі.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *