Семейліктер коронавирусқа тест тапсыруда

Таңертең In Vitro + зертханасында үлкен кезек байқалды. Семейліктер COVID-19 тексеріліп жатыр. Зертханада бұл сынақ соңғы екі аптада жүргізіліп келеді. Мұнда екі зерттеу түрі бар: ПТР-тест және экспресс-тестілеу. ПТР-тестілеудің бағасы – 12 мың теңге, экспресс-тесттің -3500 теңге. ПТР-тест нәтижелері келесі күні, ал экспресс-тестілеудің 25 минуттан кейін дайын болады. Тестілеуге in-vitro.kz зертхана сайтында жазылуға болады. Жылжымалы пункттер In Vitro + бас ғимаратының жанында Международный переулок 1/1 мекен-жайында орналасқан. Кезекте тұрғанда 1,5-2 м қашықтықты сақтап, бетпердені қолдану қажет. Оң нәтиже анықталған жағдайда жедел медициналық көмек бригадасы шақырылады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *