Семейде тұрғындарды бетперде киюге шақыратын челлендж басталды

Күн сайын Семейде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны артып келеді. КВИ оқиғаларының санын азайту мақсатында қалада ерекше флэшмоб басталды.

#доБЬЕМСЯдоНУЛЯ – осындай хэштегі астында семейліктерді бетперде киіп, қауіпті инфекцияның таралу қаупін төмендетуге шақыратын челлендж іске қосылды. Оны қазақстандық эстрада жұлдыздары Айдана Меденова мен Гүлмира Сарина, қала белсенділері, спортшылар, жастар және қаладағы танымал блогерлер қолдады.

– Құрметті жерлестер!соңғы кездері қаламызда короновирус індетіне шалдыққын адамдар көбеюде, біз #доБЬЕМСЯдоНУЛЯ #нөлдіккөрсеткішкебірге жетейік челенджін қолдап, бетперде тағуға, жеке гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты ұстануға шақырамыз! Денсаулығымыз өзіміздің қолымызда!Нөлдік көрсеткішке бірге жетейік! #доБЬЕМСЯдоНУЛЯ #нөлдіккөрсеткішкебіргежетейік, – деп ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірі бойынша секторының қызметкерлері өз парақшасында семейліктерді бетперде киюге шақырды.

Челлендж әлі де жалғасуда.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *