Тамыз айының соңына қарай Қарағайлы ықшам ауданындағы үйлерге инженерлік желілер салынады

Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үйлерге инженерлік желілердің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, осы жылдың 30 тамызда аяқталады. Жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мердігер – «Фирма Азия» ЖШС. Жобаның жалпы құны 187,911 миллион теңгені құрады. Құрылыс бөлімінің хабарлауынша, жұмыс аяқталуға жақын.

– Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 449 метр. Кәріз желісінің ұзындығы – 409 метр, сумен жабдықтау жүйесінің ұзындығы – 560 м. Жалпы, инженерлік желілер бес үйді қамтиды, деп қалалық құрылыс басқармасында хабарлады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *