ШҚО-да Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Қазақстанда ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың күні атап өтілуде. Ағымдағы жыл басынан бері Абайдың туған жері Шығыс Қазақстандағы маңызды мәдени-тарихи нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл күнге орай жоспарланған шаралар қашықтықтан ұйымдастырылуда.

 Семейдегі алаң және Абай атындағы театр мен мұражайда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Алаң жаңаша келбетке ие болды. Жазушының ескерткіші жөнделді. Театрда толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан аталмыш нысанның тарихи ерекшеліктері сақталды. Сондай-ақ театр аумағында абаттандыру жұмыстары жасалып, ғимараттың ішкі және сыртқы жағына жөндеу жүргізілуде. Өнер ордасы жайлы әрі жарық болып қалды. Семейліктер мен қала қонақтарын жаңа сахна мен көрермен залы күтуде. Абай мұражайы да жақында келушілерге есігін айқара ашады. Оның аумағында Абайдың ұлдарымен бірге бейнеленген ескерткіші бой көтереді.

«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінінде жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын қалды. Семейдегі Абай атындағы кітапханаға да жөндеу жасалды.

Ақшоқыдағы Құнанбай әулеті мұражайының құрылысы аяқталады. Мұнда көрме залынан бөлек, мектеп оқушыларына сабақ өткізуге мүмкіндік жасалады. Абай дүниеге келген Сырт-Қасқабұлақтың маңы абаттандырылады.

Бүгін, Шығыс Қазақстанда ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай барлық қала мен аудандағы Абайдың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Семейдегі шығармашылық зиялы қауым өкілдері ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен бірге Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ онлайн режимде XXI республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Байқау барысында жалпы орта білім беретін және облыстық мамандандырылған мектептерде ұлы ақынның мұрасы қайта жаңғырды. Балалар өнерлерін ортаға салып, Абай өлеңдері мен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ақылбай Мағауияұлының, Мағауия Абайұлының нақыл сөздерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Бұдан бөлек Абайдың орындауындағы әндері мен күйлерін орындап, атақты жазушының шығармашылығынан сыр шертетін эссе жазды.

«Үздік мәнерлеп оқушы» аталымына семейлік бес жасар бүлдіршін Бота Талғат та үміткер бола алады. Бүгін Абай Құнабаевтың 175 жылдығына орай бүлдіршін ақынның 20-дан астам өлеңін оқып, әндерін орындап берді.

С.Аманжолов атынлағы ШҚМУ-да Венгрия мен Түркия елдеріндегі ЖОО-ы оқытушыларының қатысуымен онлайн семинар өтті.

Жалпы, ағымдағы жыл басынан бері ШҚО-дағы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 20 шара өткізуді жоспарлаған еді. Оның ішінде бірнешеуі онлайн форматта ұйымдастырылды. Оған әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар, сондай-ақ шығармашылық жағына бет бұрған жастар қатысты. Сонымен қатар абайтанушы ғалым Ғарифолла Есімнің қатысуымен «Аға Сұлтан Құнанбай: аңыз бен ақиқат» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция  қашықтықтан өтті. Бұдан бөлек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Абай сағаты» ұйымдастырылды. Оны абайтанушы, оқытушы Айжан Картаева жүргізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *