Жаңа оқу жылында ШҚО мектептерінің шамамен 60 пайызы онлайн режимде жұмысқа кіріседі

Шығыс Қазақстан облысындағы 312 мектепте оқыту қашықтықтан ұйымдастырылады. Бұл туралы тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
2020-2021 оқу жылында 109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды. ШҚО әкімінің айтуынша, ата-аналардың өтінініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады.
Осы форматтағы оқыту жүйесіне сәйкес шамамен 5 319 топ ашылып, 55,6 мың оқушы білім алады.
Ағымдағы жылы қашықтықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында бірыңғай балалар сағаты мен бірыңғай ата-аналар дәрісі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы шаралардың қашан өтетіні туралы өосымша ақпарат беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *