Семейде спидкубингтен Халықаралық чемпионат өтеді

Семейде 2022 жылдың 6-9 шілде аралығында алғаш рет спидкубингтен Азия Чемпионаты өткізілетін болды.

Спидкубинг – бұл жаңа интеллектуалды спорт түрі, ол Рубик кубигын жылдам құрастырудан тұрады.

Семей – бұл жаңа спорт түрінің кеңінен таралуына себепкер болған және де дамуына үлкен серпіліс берген Қазақстандағы алғашқы қалалардың бірі болып отыр.

Сондықтан биылғы жылы Қазақстанның Спидкубинг Федерациясы спидкубингтен Азия чемпионатын Семейде өткізу туралы шешім қабылдады.

– 2020 жылы біз чемпионатты Нұр-Сұлтан қаласында өткізуге өтініш бердік, бірақ жарыста жеңіліп қалдық. Осы жылы біз бұл чемпионатты Семейде өткізуді шештік. Чемпионаттың Қарағайлыдағы көпфункционалды мәдени-спорттық кешенінде өтетіндігі туралы келісім бар, – дейді Қазақстандағы Спидкубинг федерациясының негізін қалаушы және президенті Арман Машимов.

Бүгінгі таңда чемпионатты қаржыландырудың екі нұсқасы қарастырылуда. Бірінші жағдайда, жарыс қатысушылардың жарналары есебінен. Яғни, қаржыландыру 30% қатысушылардың жарналарынан және 70% демеушілердің қаражатынан туратын болады.

Егер де демеушілер табылмаса, чемпионат ақшасы қысқарып, 70% қатысушылардың жарналарынан құралады.

Сондай-ақ бюджеттен қаражаттың 15% шегінде бөлігін сұрау мүмкіндігі де қарастырылуда.

Дүбірлі доданы ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай ауқымды жарысты өткізу қалаға туристерді тартып қана қоймайды, сонымен бірге қаламыздың спидкубингі тағы бұдан да жоғары деңгейге көтеріледі. Қазіргі күнде елміздегі көптеген қалаларында спидкубинг клубтары жұмыс істейді. Семейде клуб балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы сарайының негізінде жұмыс істеуде. Бұған кез-келген жастағы адам бара алады. Бұл жерде үйірмеге қатысушылар текшелерді тез жинауды, сонымен қатар кубиктердің қыр-сырын толыққанды түсіну мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *