Семей қаласының әкімі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндады

Санаулы күндерден кейін, жаңа оқу жылы басталады. Қала әкімі Ермак Сәлімов онлайн-брифингте мектептердің оқу жылына дайындығы туралы айтып берді.

Қаланың білім жүйесі 66 мектептен тұрады, оның 15 ауылдық жерде орналасқан. Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсаны, 54 мектепте, қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Дәстүрлі оқыту форматы ауылды жердегі шағын мектептер мен, санитарлық нормасы қатаң сақталған, бастауыш сыныптардағы, кезекші топтарда жүреді. Онда әлеуметтік ара қашықтық 1,5 метрді құрап, бала саны 15-тен аспайды. «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты еңгізілетін болады. Демек, бір мұғалім негізгі пәндерді оқытып, қалған сабақтар қашықтықтан жүреді. Мектеп асханасы жұмыс істемейді. Осы, және, өзге де талаптар, балалар денсаулығын сақтап, инфекция таралуына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.

-Жалпы, қаламызда оқу жылын ұйымдастыру үшін кешенді жұмыстар жасалуда. Қалыптасқан жағдайға байланысты, орын алған, уақытша қиындықтар бар. Оны барлығы түсініп, біліп отыр. Дегенмен, бала тәрбиесі мен білімі біздің ерекше назарымызда болады. Мектеп – ата-ана – оқушы үштігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, жоспарымыз толық орындалып, мақсатына жетеді деп сенемін, – дейді қала әуімі Ермак Сәлімов.

Қосымша білім беру ұйымдарының жұмысына келетін болсақ, олардың барлығы сабақтарды негізінен қашықтық режимінде өткізеді. Бірақ, ата-аналардың қалауынша, балалар 5 адамға дейін шағын топтарда немесе жеке-жеке оқи алады.

Сонымен қатар, балалар «Мектеп» онлайн-платформасы, «Балапан» және «El Arna» телебағдарламалары бойынша да оқитын болады.

Оқу барысында аз қамтылған отбасылардың балалары қажетті компьютерлік техникамен және Интернетпен қамтамасыз етіледі. Интернет-провайдердің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты қалалық жерлерде тұрғындардың Интернет жылдамдығы орта есеппен 4-тен 80 Мбит / с-қа дейін болып тұр. Әлсіз интернет Ушактар, Восход, Ақсай ауылдарының кейбір жерлерінде және Қарағайлы шағын ауданында байқалады. Қазіргі уақытта провайдерлермен Интернетке қосылу сигналын күшейту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Мектеп кітапханалары оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. 10-20 тамыз аралығында мектептер оқушыларға оқулықтады тарата бастайды. Биылғы алғашқы қоңырау да қашықтан өткізіледі. «Үйде қалай оқу керек» және «Гигиена негіздері» тақырыптары бойынша бірыңғай сынып сағаттарын өткізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін ешқандай мерекелік шаралар өткізілмейді.

Қала басшысы атап өткендей, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, қаражаттан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 8064 балаға мектеп формасы мен аяқ киім сатып алынады. Бірінші сыныпқа осы жылы 5115 бала барады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *