Бірінші жартыжылдықта Үржар ауданының кәсіпорындары 1 млрд. теңгеден астам сомаға өнеркәсіп өнімін өндірді

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 19 млрд 621 млн теңгені құрады.

Бұл туралы онлайн-брифингте Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов айтып берді.

Жалпы, 1 тамыздағы жағдай бойынша ірі қара мал саны – 130 644 бас, қой мен ешкі – 249 915, шошқа – 2211, жылқы – 34 666 және құс – 308 261 бас.

-Сондай-ақ, биыл жалпы ауданы 5491 м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Есепті күнге тіркелген шағын кәсіпкерліктің саны 202 бірлікті құрады. Сауда-саттық көлемі 6 миллиард 492 миллион 300 мың теңгені құрады. 1 тамыздағы жағдай бойынша аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 13 198,2 млн.теңгеге игерілді, – деді аудан әкімі.

Облыста тіркелген жұмыссыздар саны 326 құрады. 762 жұмыс орны құрылды. 23 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 25 адам жастар практикасына жіберілді. 361 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 40 адам тракторист-аспазшыларды дайындаудың қысқа мерзімді курстарына жіберілді. Есепті күнге 56 адам 31113,6 мың теңгенің мемлекеттік гранттарын алды. 54 адам 20 3550 мың теңге көлемінде шағын несие алды. Аудан бойынша 1018 отбасына АӘК бекітілген.

Заңдылыққа келетін болсақ, өткен жылмен салыстырғанда ауданда қылмыс саны 37 жағдайға азайды. Бірінші жартыжылдықта аудан бойынша 130 қылмыс тіркелді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *