ШҚО: Ақжар ауылындағы иппордромда қайта жөндеу жұмыстары басталды

Тарбағатай ауданындағы ипподром жөндеуден өтуде. Таяу арада мұнда заманауи спорт модульі салынады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында мәлім етті.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Ақжар ауылындағы ипподром жергілікті тұрғындар мен өңірге келген қонақтар үшін маңызды аумақ. Мұна түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде көкпар, бәйге сынды ұлттық спорт түрлері де бар.

Бірақ қыс мезгілінде ипподромның жұмысы тоқтап қалады. Бұл олқылықтың орны Шығыс Қазақстанда толтырылды.

«Бұл спорт нысанын қысқы спорт түрлеріне де ыңғайлы ету қажет. Тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Ол үшін құрылысшылар жобаға түзетулер енгізіп, жылы павильонды қарастыруы тиіс», – деді Даниал Ахметов.

Спорттық модульді салып қана қоймай, тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Жылы павильон бой көтерсе, онда ақжарлықтар жылынып, шай ішіп немесе киімдерін ауыстыра алады.

«Біз осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін қосымша қаржы бөлуге дайынбыз. Ауыл тұрғындарын да қалалықтардағы сияқты мүмкіндік болуы керек», – деді ШҚО әкімң Даниал Ахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *