Семейде аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Шымкент пен Жамбыл облысының, Атырау, Ақтөбе мен Павлодардың мамандары қалалық көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыруда. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталуға жақын.

Жоба бойынша аулаларда балалар және воркаут алаңдары, футбол алаңы және жергілікті тұрғындардың демалатын орындар орнатылған. Сондай-ақ, жобада аулаларға асфальт төсеу және жарықтандыру жұмыстары қарастырылған.

– Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай Жамбыл облысы Докучаев және Засядко көшелерінің аулаларын абаттандырумен айналысып жатыр. Балалар және спорт алаңдары, үлкен адамдарға арналған демалыс орындары орнатылды, асфальт жаңартылды, тротуарлар жабдықталды, жарықтандыру тіректері орнатылды, футбол алаңы жабдықталды. Енді тек футбол алаңын қоршап, асфальттауды аяқтау ғана қалды, – дейді жұмыс учаске бастығы Бауыржан Сүлейменов.

Бұл аулалардағы жұмыстар екі ай бұрын басталған болатын. Жоба бойынша абаттандыруға 3,5 ай мерзім бөлінген. Алайда, бүгінде жұмыстардың 80% аяқталды, сондықтан абаттандыруды аяқтау осы айда жоспарлануда.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *